Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Өскеменде көппәтерлі тұрғын үй проблемалары талқыланды

Дөңгелек үстел көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру проблемаларына арналған.

Сурет : 10 Қараша 2017, 11:32
«ТКШ саласындағы инвестициялық тартымдылықты арттыру және шағын және орта бизнесті дамыту үшін тұрғын үй қатынастары жүйесін жетілдіру» ПРООН және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірлескен жобасын іске асыру шеңберінде осы жолы Өскемен қаласында кезекті дөңгелек үстел өтті. Ол көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру проблемаларына арналған.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ өкілдері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы реформалар бойынша таныстырылыммен сөз сөйледі және тұрғын үй шаруашылығындағы ағымдағы жағдай және проблемалық мәселелер туралы айтып берді. Сондай-ақ, тұрғын үй жылжымайтын мүлікті басқарудың ұсынылатын модельдері талқыланды және дөңгелек үстелдің қатысушылары тұрғын үй секторына шағын және орта бизнесті тарту мәселесін қарады.

Іс-шараның қорытындысы бойынша «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындалды, олар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жанынан құрылған жұмыс тобында қаралатын болады.



Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер