Сенат көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселелері бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Сенатор Серік Шайдаров баяндағандай, заңнамалық деңгейде пәтер иелері кооперативтерінің қызметін реттеу, сондай-ақ олардың жұмыс істеу тетіктерін, оның ішінде жылжымайтын мүлік иелерінің бірлестігімен шарт жасасуды, сондай-ақ жылжымайтын мүлік иелері жеке жиналыстың хаттамалары мен банктің жеке шотының ашылуына байланысты тікелей бірлескен басқару нысанында басқару нысанын таңдаған кезде белгілеу көзделген.
"Сонымен қатар Пәтер иелері кооперативін құру және қайта тіркеу тетігі анықталуда, оған сәйкес пәтер иелері кооперативі екі немесе одан да көп ғимаратта құрылады, ал жұмыс істеп тұрған кооперативтер бір жыл ішінде өз қызметін ұсынылған өзгерістерге сәйкестендіріп, қайта тіркеуден өтуі тиіс", – деді Серік Шайдаров.
Мүлік иелерінің құқықтары мен міндеттерін нақтылау мақсатында заңда тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыс бекіткен ағымдағы жарналарды пәтер иелері үшін белгіленген жарналардың екі еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде төлеуге міндетті екендігі белгіленген. Бұл ретте, заң аясында мәслихаттарға көппәтерлі тұрғын үйлердегі пайдалану шығындары бойынша жарналардың ең төменгі мөлшерін айлық есептік көрсеткіштерде бекіту ұсынылып отыр.
Заңда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабына кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептерді ұсыну мерзімдерін бұзғаны үшін көппәтерлі тұрғын үй мүлкі иелері бірлестігінің төрағасы мен кондоминиум объектісін басқару субъектісі үшін жеке жауапкершілікті көздейтін өзгерістер көзделген.
Сонымен қатар, ғимаратты басқаратын жеке немесе заңды тұлғаға айыппұл салу қарастырылған.