Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Шымкент-Астана рейсінің бортында жолаушы қайтыс болды

Ер адам қант диабетімен ауырған көрінеді.

Сурет : 13 Қараша 2017, 14:32
Air Astana әуе компаниясына тиесілі КС 352 Шымкент-Астана рейсі бойынша ұшқан ұшақтың бортында бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Zakon.kz Today.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға шамамен сағат 12.00-де болды.

Лайнер жоғары көтерілген бойда жолаушы өзін жайсыз сезінген. Жолаушының жағдайына байланысты ұшақ кері бұрылып, шұғыл түрде қонғанымен, ер адамды құтқару мүмкін болмады.

Әуежай қызметкерлері оқиға орнына жедел жәрдем мен полицейлерді шақырған. Тексеру барысында, қайтыс болған ер адамның Астанада тұратыны, жасы 70-те екені анықталды. Астанаға ол әйелімен бірге кетіп бара жатқан. Әйелінің айтуынша, ер адам қант диабетімен ауырған көрінеді.

Оқиғаның мән-жайын тиісті органдар тексеруде.

Фото: today.kz

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер