Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

СІМ Сирияда құтқарылған қазақстандық балалардың елге қашан жеткізілетінін айтты

Қазақстанның бес азаматы Сириядан Грозный қаласына жеткізілді

Сурет : 14 Қараша 2017, 12:28
Сирияның соғыс болып жатқан аймақтарынан құтқарылған қазақстандық әйел мен оның балалары көп ұзамай елге жеткізіледі, деп хабарлады sputniknews.kz, ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Ол Грозный қаласына дүйсенбі Сириядан бір топ адам жеткізілгенін атап өтті.

"Олардың арасында Қазақстан азаматтары бар. Орал қаласының 1988 жылы туған тұрғыны төрт баласымен Сириядан жеткізілді. Балалардың үлкені бес жаста, кішісінің туғанына бірнеше ай ғана болған. Олар Қазақстан азаматтары", — деді Жайнақов БАҚ өкілдеріне.

Грозный әуежайында оларды Ресейдегі Қазақстан елшілігінің қызметкерлері қарсы алған. Көп ұзамай қазақстандықтар елге жеткізіледі.

"Біз ресейлік тарап пен Шешен Республикасының басшылығына алғысымызды білдіреміз", — деді Жайнақов.

Фото: sputniknews.kz

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер