Сириядан құтқарылған қазақстандық әйел балаларымен бірге елге оралды
Zakon.kz
Әйел Мәскеудегі елшілік дипломаттарының көмегімен өткен аптада Қазақстанға жеткізілді
Сириядан Грозный қаласына жеткізілген қазақстандық әйел бала-шағасымен елге оралды, - деп хабарлайды Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі басшысы Әнуар Жайнақов.
Бұдан бұрын 29 жастағы әйел төрт баласымен Сириядан құтқарылып, Шешенстанға жеткізілген болатын.
"Қазақстан азаматшасы кәмелеттік жасқа толмаған төрт баласымен Сириядан Ресейге эвакуацияланған болатын, Мәскеудегі елшілік дипломаттарының көмегімен өткен аптада Қазақстанға жеткізілді", — деп мәлімет берді Әнуар Жайнақов.
Қазақстандықтың ең үлкен ұлы бес жаста, кенжесі бірнеше айлық қана.
"Әйел адам Орал тұрғыны. Қазір қайда екенін білмеймін. Қазақстанға келді", — деп түсіндіріп өтті Жайнақов.
Айта кетелік, қараша айының ортасында Сириядан 40-тан астам әйел мен бала құтқарылып, Грозный қаласына жеткізілген болатын.
Фото: sputniknews.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript