Сириядан қазақстандық 12 азамат оралды

AP, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2021 21:37 AP
Топ құрамында 4 ер адам, 1 әйел және 2 жетім баланы қосқанда 7 бала болды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сыртқы істер министрлігі бірлесе отырып АҚШ және өзге де халықаралық серіктестердің қолдауымен Сириядан бір топ қазақстандық азаматтарды елге қайтару операциясын өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Топ құрамында 4 ер адам, 1 әйел және 2 жетім баланы қосқанда 7 бала болды. Ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, террористік іс-әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі және мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Әйелдер мен балалар оңалту және қайта әлеуметтендіру бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялаған террористік әрекеттер белсенді жүргізіліп жатқан аймақтардан азаматтарымызды қайтару операциясы Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған "Жусан" операциясының жалғасы болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: