Павлодарлық өрт сөндірушілер 10 адамды балкон арқылы сыртқа алып шықты

Zakon.kz Zakon.kz
Тілсіз жауды ауыздықтауға бір автоцистерна жұмылдырылып, жеке құрамнан 15 адам жұмыс істеді.
Павлодарда Суворов көшесі, 7/1 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы екі бөлмелі пәтерде үй жиһаздары өртенді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

- Қызыл жалын екі шаршы метр аумақты шарпыған. Оқыс жағдай орын алғаны туралы хабарлама кезекшілік бөліміне сағат 15.25-те түскен. Сағат 15.56-да толығымен сөндірілді. Құтқарушылар балкон арқылы автосатының көмегімен 10 адамды сыртқа шығарып, өрттен аман алып қалды. Оның төртеуі – балалар. Пәтер иесі 1959 жылғы азаматша. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ, - деді департаментте.

Тілсіз жауды ауыздықтауға бір автоцистерна жұмылдырылып, жеке құрамнан 15 адам жұмыс істеді.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: pavlodarnews.kz


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз