Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтөбеде қамауға алынған прокурордың параны кімге, не үшін бергісі келгені белгілі болды

Эсентур Қадыров үйінің ауласында Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық прокурордың көмекшісіне пара берген.

Сурет : 16 Қараша 2017, 12:43
15 қараша күні Ақтөбе қалалық соты прокурор Эсентур Қадыровты қамауға алу санкциясын қанағаттандырды. Сотта прокурордың параны кімге және не үшін бергісі келгені айтылды, - деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Белгілі болғандай, 13 қараша күні Эсентур Қадыров өзінің үйінің ауласында Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық прокурордың көмекшісіне пара берген. Пара көлемі — 40 мың доллар немесе 13 миллионнан аса теңге. Пара Қадыровтың үстінен қозғалған істі жабу үшін Бас прокуратурадағы Ішкі тергеу департаментіне жолдануы керек еді. Алайда, ақша Бас прокуратураға жетпеді.

Бұған дейін параны алуға келіскен Қадыровтың әріптесі пара беру жайында Бас прокуратураға хабарлап қойған. Астанадан келген арнайы топ бір жарым ай бойы Қадыровты бақылап отырған. Ақша табысталған соң, 15 қараша күні ол абақтыға қамалды.

Кеше, 15 қарашада сағат кешкі 21:00-де қолына кісен тағылған Қадыров қалалық №2 сотқа әкелінді. Қадыровты абақтыға қамауды сұраған прокурор әріптесінің тергеу ісіне кедергі жасау мүмкіндігін алға тартты. Ал прокурордың қорғаушысы мен Қадыровтың өзі де тергеу изоляторына жібермей, үй қамағына алуын сұрады.

Екі тарапты да тыңдаған судья Әлима Әділова бір сағатқа кеңесу бөлмесіне кетіп қалады. Ол айыптаушы прокурордың өтінішін қолдап, Қадыровты екі айға тергеу абақтысына қамады.

Фото: aktobenews.kz

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер