Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде халық параны көбіне жұмысқа орналасу үшін береді

Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2021 21:32 Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі
Ақтөбе облысында биыл ең үлкен пара сомасы 6 млн теңгені құрады. Әзірге.

Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 9 айдың жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізіп, спикер ретінде Департамент басшысының бірінші орынбасары Асхат Жақыпбеков сөз сөйледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол өңірдегі сыбайлас жемқорлық туралы және қылмыстың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді.

Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен биыл 56 қылмыстық істі тіркелген, оның 36-сы нақты сыбайлас жемқорлық қылмыстары болып табылады.

"Егер құқық бұзушылықтардың құрамына тоқталатын болсақ, есепті кезеңде пара берудің 10 фактісі, пара алудың 7 фактісі, қаражат жымқырудың 6 фактісі, алаяқтықтың 6 фактісі және т.б. анықталып отыр. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары көбінесе құқық қорғау органдарының, әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен жасалған. Лауазымды тұлғалар, негізінен, мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуға, орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға, жұмысқа орналастыру, әкімшілік жауапкершілікке тартпау және т.б. фактілер бойынша ықпалдасу үшін пара алған. Ақтөбе облысындағы ең үлкен пара сомасы биылғы жылы 6 млн теңгені құрап отыр", - деп атап өтті Асхат Жақыпбеков.

Спикердің айтуынша, азаматтар жұмысқа орналасу, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін пара берген. Ал бюджет қаражаттары көбінесе орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою арқылы лауазымды тұлғалардың қалталарына түскен. Өз кезегінде алаяқтар мүлікті жекешелендіруге, орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қоюға уәде беріп, пайда табуға тырысқан.

Бүгінгі күні облыстық Антикор Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК облыстық филиалының директоры мен басқа да қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыруда.

Аталған лауазымды тұлғалар аудандық ветеринариялық зертханаларды жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін мердігер ұйым директорынан жалпы сомасы 1 млн. 800 мың теңгеден астам жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінген.

Асхат Жақыпбеков жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстарына ерекше тоқталып өтті. Бүгінгі күні Департамент сыбайлас жемқорлықтың превенциясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шараларын белсенді жүзеге асыруда.

Мемлекеттік сатып алу саласы сыбайлас жемқорлыққа барынша бейім екенін ескере отырып, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен жоспарлау сатысында тауарлар мен қызметтер бағасын асыру фактілерін анықтауға бағытталған мониторинг аясында белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде 25 мекемеде жарты миллиардтан астам сомада бағаны асыру және мақсатсыз жоспарлау фактілері анықталып отыр. Өткен жылы бұл сома 270 млн теңгені құраған.

"Тауарлар мен қызметтердің бағасын асыруға көбінесе мәдениет, білім беру және спорт мекемелері жол берген.

Мәселен, аудандық мектеп-интернаттардың бірінде нан мен ет сынды азық-түлік өнімдерін нарықтық бағадан әлдеқайда жоғары бағамен сатып алу жоспарланған болатын. Бағаны асырудан туындаған сома шамамен 10 млн. теңгені құраған. Аталған жайтқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің уақытылы араласуының нәтижесінде ғана жоспарланған конкурс қайта қаралды.

Сонымен қатар, оқушылардың пандемияға байланысты онлайн форматқа ауысуына қарамастан, ауқымды бюджет қаражаттары мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыруға жұмсалып кете жаздады. Немесе COVID-19 қарсаңында мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру жоспарланған.

Тұтастай алғанда, Департаментімізбен тиісті ұсынымдар енгізілгеннен кейін бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуына, ысырабына жол берілмеді", - деді басшының бірінші орынбасары.

Сонымен қатар, спикер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу нәтижелері және өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтері институтын енгізу қарқыны туралы ақпарат беріп өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: