«Ертіс» футбол клубы бас бапкерсіз қалды

Zakon.kz Zakon.kz
Вячеслав Грозный келісімшартының аяқталуына байланысты командадан кетті.
Павлодарлық «Ертіс» футбол клубының бас бапкері Вячеслав Грозный қызметінен кетті, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Клубтың баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Вячеслав Грозный келісімшартының аяқталуына байланысты командадан кетті.

9-қараша күні украиндік маман Павлодар облысының әкімімен жүздескен. Кездесу барысында аймақ басшысы бапкерге атқарған нәтижелі жұмысы мен «Ертістің» Еурокубок додасына жолдама алғаны үшін алғысын білдірген болатын. Алайда, сол кезде келісімшартты ұзарту мәселесі ашық күйде қалды.

Өкінішке орай, клуб басшылығы жаттықтырушымен жаңа еңбек келісімшартын жасаған жоқ.

Еске салайық, Қазақстан чемпионатының соңғы турында «Ертіс» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдап, соңғы минутта гол салып жеңіске жетті. Маусым қортындысы бойынша павлодарлық команда төртінші орын иеленіп, келер жылы Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде ойнауға жолдама ұтып алды. Осы жеңістен соң Вячеслав Грозный Орталық стадионда жанкүйерлерлерінің алдында, одан кейін футболшылардың киім ауыстыру бөлмесінде «лезгинка» биін биледі. Бұл би кейін «ғаламтордың хит видеосына» айналды.

Фото: pavlodarnews.kz
zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз