Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Дәрігердің өліміне қатысы бар қылмыстық топ мүшелері сотталды

Ақтық сөзін айтқан Виктор Кодатенко жасаған қылмысын мойнымен көтеретінін жеткізді.

Сурет : 17 Қараша 2017, 16:04
Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты облыстық жүйке жүйелері диспансерінің бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаеваны өлтірді деген күдіктілерге үкім шығарды. Үкім алдында дәрігерді өз үйінде зұлымдықпен өлтірген төрт адамнан құрылған қылмыстық топ мүшелерінің соңғы сөзі тыңдалды, - деп хабарлайды Baq.kz.

Өз әріптесін өлтіруге тапсырыс беруші ретінде басты күдікке ілініп отырған Зәуреш Изалдина бірінші болып сот алдындағы соңғы сөзін сөйледі. Онда ол қылмысқа ешқандай қатысы жоқ екенін, негізсіз тағылған айыптың құрбаны болғанын айтып ақталып бақты.

«Мені жасамаған қылмысым үшін айыпты қылып отырғанын түсіне алатын емеспін. Рашида Сандыбаева екеуміздің арамыздағы жұмыс барысындағы түсінбеушілікті осы қылмысқа әкеп байланыстырудың еш негізі жоқ. Өйткені мен де анамын, әйелмін, өзім де көргенді отбасында тәрбие алдым. Мен енді ғана түсініп отырмын өмірдегі бір ғана жағдай барлық тағдырыңды астаң-кестең етеді екен. Мен өзіме тағылып отырған айыптармен толығымен келіспеймін. Сондықтан, соттан өзімді ақтап шығаруын сұраймын», ؎ деді Зәуреш Изалдина.

Ал, одан кейін сөз алған тағы бір басты күдікті Руслан Гафаров та тергеу барысында берген жауаптарының барлығы шындыққа жанаспайтынын айтты. Оның айтуынша тергеу кезінде қатты қысым көріпті. Соловьев және Сұлтанов есімді полицейлер қылмысты мойындамаса отбасын ойран қылатындарын айтып қоқан-лоқы көрсетіпті-мыс.

«Сот үкім шығарарда менің ғана емес, балаларым мен аналарым, қарындастарым мен әкемнің тағдыры қоса шешілетінін ескерсеңіз екен», – деген өтінішін сотқа жеткізді Руслан Гафаров.

Бұрынғы бас дәрігердің өліміне қатысы бар деп сотталып жатқандардың арасында Болат Китибаевтің жаза тағайындалар алындағы соңғы сөзі басқаларға қарағанда өзгеше болды. Ол өзінің бұл қылмысқа қатысы бар екенін айта келе, өзіне қатаң жаза қолданылуын сұрады.

«Мен өзімнің ауыр қылмыс жасағанымды мойындаймын. Мен оны өлтіріп отырмын. Маған кешірім жоқ. Өзім балалар үйінде өскендіктен отбасы құндылығы дегенді түсінбеймін. Сондықтан, өзімнің күнәмді тағайындалатын жаза арқылы өтеп шыққаным жөн. Соттан маған ауыр жаза тағайындалуын сұраймын. Ал, қолымнан қаза тапқан адамның туған-туыстарынан өкініп тұрып кешірім сұрамақпын», – деді қылмыстық топтың мүшесі Болат Китибаев.

Сыбайластарының ең соңында ақтық сөзін айтқан Виктор Кодатенко жасаған қылмысын мойнымен көтеретінін жеткізіп, дәрігер Рашида Сандыбаеваның туыстарынан қайта-қайта кешірім сұраумен болды.

Сот үкімімен Зәуреш Изалдина 25 жылға, Руслан Гафаров 24 жыл 6 айға, Болат Китибаев 22 жылға, Виктор Кодатенко 15 жылға сотталды.

Фото: baq.kz

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер