Атырау облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

Қылмыстық топ, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2021 17:21 ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Олар мемлекетке 700 млн теңге көлемінде залал келтірген

Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында Н.Дәулетьярованың басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері үлестес компаниялар – «Атырау Инвест Групп» ЖШС, «БР-Групп» ЖШС, «Ербек-компани» ЖШС атынан 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде облыс кәсіпорындарына жалған шот-фактураларды жазып беру бойынша заңсыз қызметті жүзеге асырды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Осылайша, компанияларға 715 миллион теңгеден астам сомаға бюджетке салық төлеуден жалтаруға жәрдем көрсеткен.

Бас ұйымдастырушы Н.Дәулетьярова 7 жылға бас бостандығынан айырылды, оның сыбайластары Р.Баткаев пен Б.Жүсіпов тиісінше 5 және 5,5 жылға сотталды.

Бұл адамдар 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару, сондай-ақ бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: