Заңсыз иеленген 9 пәтер: Петропавл әкімдігінің лауазымды тұлғалары сотталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының бұрынғы меңгерушісі Б. Өмірсетоваға, мекеменің құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының инспекторы Ж. Есетоваға, сондай-ақ Б. Өмірсетованың жолдасы және Ж. Есетованың бірге тұратын адамына қатысты жүргізілген сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында, аталған тұлғалардың мәжбүрлі түрде иеліктен шығаруға жататын тұрғын үйлерді иеленгені анықталды. Олар аталған пәтерлерді үлестес тұлғаларға ресімдей отырып, жаңа үйлердегі 9 тұрғын үйді заңсыз алған.
Мемлекетке жалпы сомасы 96 млн теңге залал келтірілген.
Ағымдағы жылы 17 мамырда Солтүстік Қазақстан облыстық сотының аппеляциалық сотымен Б. Өмірсетова мен Ж. Есетованың мүліктерін тәркілей отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Олардың сыбайластары - Б. Өмірсетованың жолдасы және Ж. Есетовамен бірге тұратын адамның да мүліктері тәркіленіп, 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды.