Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ШҚО-да сыныптың төбесіндегі сылақ құлады: үш оқушының миы шайқалып, бірінің қолы сынған

Қазіргі таңда оқушылардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Сурет : 20 Қараша 2017, 12:04
ШҚО білім басқармасы Шемонаиха ауданындағы мектепте сыныптың төбесіндегі сылақ құлауы салдарынан жарақат алған оқушылардың жағдайы бірқалыпты екендігін хабарлады. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА жазды.

Қазіргі таңда олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

«Балалар таңға дейін дәрігерлердің бақылауында болады, одан соң олар үйлеріне жіберіледі. Ал оқу басқа сыныпқа ауыстырылды» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Шемонаиха ауданы Усть-Талов ауылы Астафьев атындағы орта мектепте күндіз сыныптың төбесіндегі сылақ құлап түскен. Оқиға салдарынан 3-сыныптың төрт оқушысы зардап шекті: екеуі - қыз бала, екеуі - ұл.

Үшеуінің миына зақым келген, біреуінің қолы сынған. Оқушылар орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Сылақтың қалыңдығы 10 см болған. Кесек сылақтар құлап түскен сәттегі соққының күшті болғандығы сондай, парталардың бірінің беті қақ бөлініп түскен.

Фото: inform.kz

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер