Павлодарда ер адам қалалық жағажайда өзіне қол жұмсады
Сурет: zakon.kz
Қазіргі таңда ер адамның жағдайы жақсы, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.
37 жастағы ер адам қазіргі уақытта қалалық аурухананың травматология бөлімінде жатыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Instagram қолданушылары @kolesa_pavlodara парақшасыныда Hyundai көлігінің жағажайда шығып кеткені жайлы ақпарат тарата бастаған. Хабарламада жазылған куәгерлердің сөзінше ер адам тамырын кесу арқылы өзіне қол жұмсаған. Болған оқиғаны облыстық денсаулықсақтау басқармасында растады.
- Кеше №1 қалалық аурухананың травматология бөліміне бұғанасы кесілген 37 жастағы ер адам түсті, - деді ведомствоның баспасөз қызметінде. – Ер азамат жақын туысқандарымен ұрысып қалыпты.
Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда ер адамның жағдайы жақсы, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript