Жалғыздықтан жабыққан азамат әуретті жерін кесіп тастады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2017 16:03 Zakon.kz
Ер адамның қазіргі жағдайы қалыпты.
Жалғыздықтан жабыққан шымкенттік тұрғын, әуретті жерін кесіп тастаған. Оқиға 7 қараша күні кешкі сағат 17:00 шамасында орын алған. Өзінің осы күнге дейін ұрпақсыз жүргеніне, сонымен қатар өмірлік жарының болмағанына налыған 54 жастағы азамат осындай қадамға барыпты, деп жазады tvk-uko.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, оны жедел жәрдем аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізген. Сөйтіп, науқасқа шұғыл ота жасалыпты. Қазіргі жағдайы қалыпты. Енді ол урология бөлімінде бірнеше күн ем қабылдайтын болады.

Арман Бейсенов, дәрігер-уролог:

– Ол өзінің умасын алып тастаған. Түскен кездегі жағдайы аса ауыр болатын. Дереу ота жасалды. Қазіргі жағдайы бірқалыпты.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Фото/видео: tvk-uko.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: