Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау әлеуметтік және экономикалық жағынан жедел өсіп келе жатқан өңір

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2017 01:16 Zakon.kz
Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Маңғыстау облысында барды.
Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Маңғыстау облысында барды. Сапар барысында ол заманауи технологиямен жабдықталған теңіз суын тұщытатын бірегей зауыттың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Мұхтар Құл-Мұхаммед еліміздегі ең ірі нан комбинатының ұжымымен кездесті.

Елбасының тапсырмасымен «Нұр Отан» партиясы маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысына ұдайы бақылау жүргізіп келеді. Соған орай мемлекеттік қаржының тиімді жұмсалуына көз жеткізу үшін партия Төрағасының Бірінші орынбасары облысқа арнайы келді. Тек «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2017 жылы Маңғыстау облысына 80 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бүгінде бұл қаржыға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары жаңғыртылып, мектептер мен балабақшалар салынуда және өңірдің көлік инфрақұрылымы да қарқынды дамуда.
, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2017 01:16
Осындай мемлекеттік қолдаудың жарқын көрінісі ретінде «Каспий» су тұщыту зауытын айтуға болады. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов зауыттың жұмыс барысымен танысты. «Биылғы шілде айында мұнда жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталып, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 3 миллиард теңге бөлінген. Мемлекет қаржысы «Сиеменс» жаңа неміс қондырғыларын сатып алуға жұмсалып, жаңғыртудың нәтижесінде зауыттың өндірістік қуаты бірден 3 есеге дейін артқан. Бүгінде аталған кәсіпорын өңірдегі сұраныстың 25 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр» - деді, Ералы Тоғжанов.

Кәсіпорында теңіз суынан кері осмос әдісімен Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық талаптары мен ережелеріне толық жауап беретін таза ауыз су алынады. Келесі жылы жаңғыртудың екінші кезеңін бастау жоспарлануда. Соның нәтижесінде кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 40 мың текше метр су өндіруге жетпек. Бұл дегеніңіз облыс халқы тұтынатын ауыз судың жартысын құрайтын меже.
, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2017 01:16
Мемлекеттік қолдаудың арқасында Маңғыстау облысында жемісті жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тағы бірі – «Мағаш нан» ЖШС. Бұл серіктестік тек облыста ғана емес бүкіл еліміз бойынша ең ірі нан комбинаты болып табылады. Бүгінде мұнда ұннан дайындалатын кондитерлік, нан және макарон өнімдерінің 150-ден астам түрі шығарылады. Кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездескен Мұхтар Құл-Мұхаммед қазіргі заманғы неміс технологиясының жұмысымен танысты. Аталған комбинат «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттен 6 миллиард теңге көлемінде қаражат алған. Осындай қолдаудың нәтижесінде өндіріс орны жергілікті 224 адамды тұрақты жұмыспен және жалақымен қамтамасыз етіп отыр.

Маңғыстау облысы еліміздегі ең басты мұнай өндіретін өңірлердің бірі екені белгілі. Сонымен қатар бүгінде облыста қайта өндеу өндірісінің де өсу қарқыны анық байқалады. Тек биылдың өзінде индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыста жалпы сомасы 70 миллиард теңгеден асатын жеті ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары өңірдегі өндіріс орындарына білікті мамандар даярлайтын Маңғыстау политехникалық колледжінде болды. Қазіргі таңда бұл білім ошағы еліміздегі ең үздік он орта арнайы оқу орындарының қатарында. Мұнда дәнекерлеуші, мұнай және газ кен орындарын пайдалануға беру, токарь, металл өндеу сияқты облыста жоғары сұранысқа ие 20 мамандық бойынша мамандар даярлайды. Колледжде 71 оқу кабинеті, 6 шеберхана және 9 лаборатория жұмыс істейді. Барлық кабинет заманауи қондырғылармен жабдықталған. Соның ішінде бұрғылау жұмысының, автомабильдің және дәнекерлеу ісінің виртуальді жаттығу құралдарын ерекше атап өткен жөн. Одан бөлек, фрезер, токарь станоктары мен 7 компьютер сыныбы және интерактивті тақтамен жабдықталған 64 кабинет бар.

Студентермен кездесуінде Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасының Қазақстанды Үшінші жаңғыртуға арналған тапсырмаларын орындаудың маңызына тоқталып, еліміздің кемел келешегі туралы айтты. Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда өңірдің белсенділігіне назар аударды. Мәселен аталған колледжде жастар дуальді жүйе бойынша білім алуда. Ал әлеуметтік серіктестік аясында бұл оқу орны қазірдің өзінде түлектерін жұмысқа орналастыру жөнінде 56 кәсіпорынмен меморандумға қол қойған.

– Маңғыстау экономикалық жағынан да, демографиялық жағынан да жедел өсіп келе жатқан өңір. Сондықтан бұл облысқа білікті мамандар көптеп қажет. Қазір мына біз тұрған колледжде екі мыңнан астам жас талапкер дуальді жүйе бойынша мамандық игеруде. Солардың ішінде Елбасы тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Сәтті қадам» бағдарламасымен келгендер де аз емес. Өңірде көбінесе табысты болашақ дәл осындай алғашқы сәтті қадамнан басталады, – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: