Жаңалықтар тізбегі
0

Мәулен Әшімбаев Президент көмекшісі болып тағайындалды

ОКҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2019 23:49 ОКҚ
Ол бұған дейін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған.

ҚР Президентінің сайтында Мәулен Әшімбаевті Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындау туралы жарлық мәтіні жарық көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, делінеді жарлықта.

Мәулен Әшімбаев 1971 жылы 28 қаңтарда туған.

Еңбек жолы:

ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі баспасөз қорының Маркетинг бөлімінің жетекші маманы, бас маман, атқарушы директорының орынбасары (1993-1994);

ҚР Жоғарғы Кеңесі депутаты Д.Нұрахметовтың көмекшісі (1994-1995);

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің кеңесшісі (1995);

ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығында аға сарапшы, сектор меңгерушісі, орталық бастығының бірінші орынбасары (1995-1999);

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау орталығының жетекшісі (04.1999-02.2000);

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры (05.2000-05.2005);

ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры (03.2004-05.2005);

ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары (05.2005-04.2006);

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (13.04.2006-10.2011)

Өзге лауазымдары:

"Хабар" Агенттігі" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (05.2006);

"Арна Медиа" Ұлттық ақпараттық холдингі" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, директорлар кеңесінің төрағасы (11.2008-05.2010);

"Жаңа Астана Университеті" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (06.2009);

"Назарбаев Университеті" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (06.2010);

"Мирас" қоғамдық кеңесінің жетекшісі (12.2013);

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі (04.17.2017 ж. бастап);

Халықаралық қатынастар жөніндегі қазақстандық кеңестің мүшесі (05.2017 ж. бастап)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: