Жаңалықтар тізбегі
0

"Nur Otan" партиясы Құқықтық кеңесінің төрағасы болып Қанат Мусин тағайындалды

kazpravda.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2020 17:56 kazpravda.kz
Құқықтық кеңестің бұрынғы төрағасы Нұрлан Әбдіровке "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өз ризашылығын білдірді.

Саяси кеңес бюросының шешімімен "Nur Otan" фракциясының депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин партияның Құқықтық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Партия басшылығының атынан ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары болып сайланған Құқықтық кеңестің бұрынғы төрағасы Нұрлан Әбдіровке "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында өз ризашылығын білдірді.

Қанат Мусин 1966 жылғы 27 ақпанда Целиноград (Астана) қаласында дүниеге келген. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Заңгер. Аға әдiлет кеңесшiсi, қаржы полициясының полковнигі.

Еңбек жолы:

1984-1986 жылдары Целиноград қаласының Ленин аудандық халық сотының сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы, архивариусы.

1986-1989 жылдары "Целиноградоблгазтоп" өндірістік бірлестігінің аға юрисконсульты.

1989-1998 жылдары Целиноград қаласының, Ақмола облысының прокуратура органдарында қызмет еткен, Астана қаласы прокурорының орынбасары.

1998-2001 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары.

2001-2007 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары.

2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңес аппаратында жұмыс істеген: бас сарапшы, бас инспекторы, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары.

2012-2016 жылдары Астана қаласының Әділет департаментінің басшысы.

2016 жылдың наурызынан бастап алтыншы сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: