«Асыл тұқымды жылқыларды етке сатып жіберді деген сөз болды.Ешқандай да, кәрі жылқы көз алдымызда 15 минут бойы қиналып өлді. Бұл сөз қайдан шыққанын білмейміз. Бізде әр түскен жануарды тексеріп отыратын адамдар бар. Журналистер неге анықтап барып ақпарат таратпайды екен. Адамның еңбегін бағаламаған кезде кәдімгідей көңіл түседі», - деді Бұхарбаев.
«Мен прокурормен сөйлестім. Қолдағы барлық фото, видео дәйектерді бердік. Жұртқа жария етудің қажеті жоқ болар деп түсіндім. Ол жылқылардың бастары да бізде сақталған болатын. Қылмыстық іс қозғалды. Жақсы болды ойдан шығарылған жаладан құтылатын болдық», - деді зообақ басшысы.
Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?