Кеш жатып, кеш тұратын адамдарда ерте өліп кету қаупі жоғары

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2018 22:19 Stan.kz
Кеш жатып, кеш оянатын адамдар жүрек-қан тамырлары, диабет, психологиялық және жүйке ауруларына жиі ұшырайды екен.

Англия университетінің ғалымдары кеш жатып, кеш тұратын адамдарда уақытынан бұрын өліп кету қаупі жоғары екенін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

Зерттеуге 38 бен 73 жас аралығындағы 433 мың адам қатысты. Ғалымдар оларды төрт топқа бөлді. Еріктілердің денсаулығын ғалымдар 6,5 жыл бойы бақылауда ұстады.

Нәтижесінде кеш жататын «жапалақтарда» ерте тұратын «бозторғайларға» қарағанда ерте өліп кету қаупі 10%-ға жоғары екені анықталды. Оның себебі әртүрлі болуы мүмкін. Кеш жатып, кеш оянатын адамдар жүрек-қан тамырлары, диабет, психологиялық және жүйке ауруларына жиі ұшырайды екен.

Ғалымдардың сөзінше, адам хронотипінің геннен берілетіні анықталса, «жапалақтарға» күнделікті күн тәртібін ауыстырғаны жөн. Жұмыс тәртібіне сай кеш жатып, кеш тұруға мәжбүр болатын адамдар күйзеліске де жиі тап болатын көрінеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: