Денсаулық сақтау министрлігі электронды темекіге қатысты ескерту жасады
Вейп – бұл никотинді қыздыру және аэролиздеу арқылы электронды жеткізу жүйесі. Мұндай құрылғыдағы температура 350⁰С-қа жетуі мүмкін. Дәстүрлі толтырғыштың құрамына пропиленгликоль, глицерин, никотин, хош иістер кіреді. Құрылғыдағы қоспаны қыздырған кезде компоненттердің арасында химиялық реакция пайда болады және қыздырылмаған қоспада жоқ жаңа химиялық заттар пайда болады.
"Вейптерге арналған сұйықта химиялық заттар бар (құрамында темекі жоқ), олар буланған кезде өкпе тініне (альвеолаларға) еніп, өкпе жүйесіне өлімге дейін салыстырмалы түрде тез және терең зақым келтіреді. Балалар мен жасөспірімдердің никотинді қолдануы мидың дамуына зиян әсер етеді, психикалық дамудың ұзақ мерзімді салдарына әкеледі, оқу қабілетінің бұзылуына және мазасыздықтың дамуына ықпал етеді". Денсаулық сақтау министрлігі
Жүкті әйелдердің никотинді қолдануы ұрық миының дамуына осындай әсер етуі мүмкін. Джонс Хопкинс университетінің деректері бойынша, вейптерде дәстүрлі темекіге қарағанда 10 есе көп никотин бар.
"Қазақстанда 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 9,8%-ы үнемі электронды темекі не вейп тұтынады. Тұтану мен түтіннің иісі болмағандықтан, ата-аналар балаларында никотинге тәуелділік бар екенін, дамуын ұзақ уақыт байқамайды", - делінген министрлік хабарламасында.
32 ел (Дания, Норвегия, Уругвай, Аргентина, Панама, Гонконг, Сингапур және тағы басқа елдер) вейп айналымына уақтылы тыйым салды.