«Грузия Үкiметiнiң Қазақстан Үкіметінің алдындағы борышы 27 млн 774 мың АҚШ долларын құрайды. Ол 1992-1993 жылдары екі елдің ұлттық банктері арасында өзара есеп айырысу нәтижесінде пайда болды, әрі мемлекеттік несие ретінде қайта рәсімделді. Қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімге сәйкес, Грузин тарапы Қазақстан алдындағы берешегін тиісті шарттар бойынша өтейді», - деді ол.
«Берешекті өтеу кестесі мерзімін өткізгені үшін жиналған өсімпұлды есепке алмайды және Париж клубы ұсыныстарына сәйкес ұзартылады. Осылайша, 2017 жылғы Келісімге сәйкес 2017-2025 жылдардағы кезеңге Грузия тарапының төлемдер сомасы 37 млн 997 мың 815 АҚШ долларын құрайды», - деді Бақыт Сұлтанов.
«Әрине, бұл берешек бұрында төленетін еді. Бірақ Грузияның экономикасында біраз қиыншылықтар болғаннан кейін, олардың тарапынан осындай ұсыныстар келді. Париж клубының ұсыныстарының негізінде аталған мәселелер қаралды. Барлық қарыз алушылар өзінің берешегін төлеу кезінде жеңілдіктер беруді сұрайды. Сол жеңілдіктің бірі келісім шартқа сәйкес, қарызды қайтару мерзімін 8 жылға ұзарту қарастырылған. Бірақ 8 жылдың ішінде қарыздың нақты соммалар көрсетілген. Берешек осы уақыт аралығында төленеді», - деді ол.
Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?