Алматылықтардың көлік салығы бойынша 3,5 млрд теңгеден астам борышы бар

Пробки, машины, автомобили, трафик, дорога, пробка, перегруженный трафик, перегруженные дороги, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2025 09:26 Фото: Zakon.kz
Алматылық автокөлік иелерінің көлік салығы бойынша 3,5 миллиард теңгеден астам қарызы бар. Борышкерлер тізімінде 70 мыңға жуық адам тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"24KZ" ақпараты бойынша, мегаполистің кейбір тұрғындарының қарызы бүгінде 20 млн-нан асқан көрінеді. Енді бұл борышкерлерге мүлікке тыйым салу, шоттарды бұғаттау және шығуға тыйым салу түріндегі шаралар қабылданады.

Жеке тұлғалар өткен жылғы салықты 1 сәуірге дейін төлеуі керек.

"2024 жылғы салықты биыл 1 сәуірге дейін төлеу қажет. Оны E-salyq azamat мобильдік қосымшасы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшаларында, "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде төлеуге болады. Салық автокөлікті тіркеу орнына емес, иесінің тұрғылықты жері бойынша төленеді". Қанағат Күлембаев, Алматы МКД өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы

Бұған дейін Алматыда ерекше қажеттілігі бар балаларды ерте кезеңде қолдау және оңалту орталығы ашылғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: