Түрік лирасы құнсызданудың шарықтау шегінде тұр

22 Қараша 2017, 15:24
Сурет:
Сейсенбі күні түріктің ұлттық валютасы АҚШ долларына шаққандағы бағамы 3,97% құрап, жыл басынан бергі құнын 12% жоғалтты, - деп хабарлайды Хабар 24.

Сарапшылар лираның күрт төмендеуіне Түркияның НАТО-дағы одақтас елдермен болған дипломатиялық кикілжіңі әсер етіп отырғанын алға тартады. Оған қоса жергілікті саясаткерлердің Орталық банк белгілеген пайыздық мөлшерлемесіне қатысты жөнсіз мәлімдемелері әсер еткен. Инфляцияның өсуі де түрік лирасына деген сенімсіздікті үдетті. «Соның салдарынан шетел валютасымен қарыз алған жекеменшік сектор қиын жағдайға тап болды», – дейді экономистер.

– Түрік лирасының АҚШ долларға шаққандағы бағамы кеше 3,85-тен 3,98-ге төмендеп кетті. Өйткені Түркиядағы қор биржасының құнсыздануы долларды айтарлықтай күшейтті. Ал Орталық банктың валюта бағамын тұрақтандыруға қатысты қабылдаған шарасы, өкінішке орай, нәтиже беріп жатқан жоқ. Керісінше, айырбас бағамы мың құбылып тұр. Жуық арада жағдай реттеледі деп кесіп айту қиын. Себебі отандық экономикамызға сырт күштердің ықпалы зор. Бірақ біз жыл соңына дейін доллар бағамы 3,85 пен 4,10 лира аралығында саудаланады деп болжап отырмыз, - дейді экономист Аднан Кыбыкая.

Фото: Хабар 24

zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?