Оралда сәбиін құрылыс басына тастап кеткен әйел жазаланды

23 Қараша 2017, 14:24
Сурет:
Оралда жаңа туған сәбиін құрылыс аумағына тастап кеткен көкек ана жазаланды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Батыс Қазақстан облысының сотына сілтеме жасап.

Биыл маусымда салынып жатқан үй маңынан күзетші жылаған сәбиді тауып алып, оны 21 жастағы анасы тастап кеткені анықталған болатын. Әйелдің айтуынша, қалада сәбилерін үйін таба алмай, нәрестені шұңқырға қалдырып кеткен.

Қазір бес айлық сәби балалар үйінде. Қорғаншылық органдарының рұқсатымен анасы мен әжесі барып тұрады. Әйел жаз кезінде тастап кеткісі келгенімен, қазір баласын қайтарып алуды көздейді.

Сот 21 жастағы әйелді қылмыстық жауапкершілікке тартып, жаза ретінде 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа салды.

Фото: sputniknews.kz

zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?