Жаңалықтар тізбегі
0

Кореяға жұмысқа кеткен шымкенттік қылмыс жасады деп айыпталуда

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2017 20:06 Zakon.kz
Шетелде нәпақа тауып жүрген Қазақстандық жігіт қазір қамауда.
Оңтүстік Кореяда жалданып жұмыс істейтін шымкенттік жігіт зорлық қылмысын жасаған деп айыпталуда. 23 жастағы Аманат Жұмаштың ата-анасы бұл кінәнің жала екенін айтып, биліктен көмек сұрап отыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шетелде нәпақа тауып жүрген Қазақстандық жігіт қазір қамауда. Оның әкесі Қайсар Шерімнің сөзіне қарағанда, ұлы осы жылдың ақпан айында Кореяға жұмысқа кеткен. Себебі анасы обыр дертіне шалдыққан соң, оның еміне көп қаражат керек болыпты. Бірақ Аманат шетелде жүріп келеңсіз жағдайға тап болған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2017 20:06

«Оңтүстік Корея елінің азаматшасы ұлым Аманаттың үстінен зорлады деп полицияға арызданған. Мен баламның бұл қылмысты жасамағанына толық сенімдімін. Өйткені ол мұндай қылмысқа бармайды. Оның жазықсыз қамалғанын жанындағы жолдастары да айтып отыр. Бірақ айтайын десе кәріс тілін білмейді. Болмаған соң елшілікке де хат жазып, көмек сұрадық. Ол жақтағылар заңсыз жұмысқа барғандарға көмектесе алмаймыз, тек бақылауда ұстаймыз деп қысқа жауап берді», - дейді Қайсар Шерім.

Белгілі болғандай, Аманат Жұмаш Оңтүстік Кореяда әр түрлі жұмыс істеген. Оны полиция қамап қойғаны жөнінде сол елде жүрген жолдастары хабарлапты.

«Баламның жанындағы да жұмысқа заңсыз түрде барған. Сондықтан оларды да куәгер болуға жібермей отыр екен. Әйтпесе болған жағдайды айтып, куәгер болуға дайынбыз деп отыр. Оның үстіне бәрінің де кәріс тілін білмейтіні бар. Мен еліміздің Сыртқы істер министрлігінен көмек сұраймын. Осы іске араласса, істің ақ қарасын анықтауға көмектессе екен. Қазір біз сол жаққа баруға жолға ақша жинап жатырмыз. Оның өзіне бір миллион теңгеден көп қаражат кетеді»,- дейді Амант Жұмаштың әкесі.

Қайсар Шерімнің айтуынша, сот бір айдан астам уақыттан кейін болады. Егер Аманатты осы қылмыс бойынша айыпты деп тапса, 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Фото: www.inform.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: