Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында үш мүгедегі бар отбасы пәтер жалдап жүр

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2017 23:32 Zakon.kz
2014 жылдан бері пәтерде көшіп-қонып жүр.
Ақтөбедегі Благодар ауылдық округінің Пригородный ауылында үш мүгедек бір үйде тұрып жатыр, - деп хабарлайды Aq’tobe арнасы.

Манас Құрмағанбетов — бірінші топ мүгедегі. Суық тиіп, қан тамырларының тарылуы ауруына шалдыққан. 2006 жылы сол аяғынан, 2013 жылы оң аяғынан айырылады. Тағдырдың қатал сынына ұшыраған Манас әйелі Венерамен екі мүгедек баланы тәрбиелеп отыр. 5 жылдан бері 25 мыңға жалдап отырған пәтер науқас адамдардың жүріп-тұруына қолайсыз дейді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2017 23:32

«Жанұямызда үш мүгедек бар. Жалдамалы пәтерде тұрып жатқан соң, үйімізде еш жағдай жоқ. Жұмыс істемеймін. Халімді айтып, депутаттарға бардым. Солардың кеңесімен тұрғын үй кезегіне тұрдық», — деп отыр Манастың зайыбы Венера.

Құрмағанбетовтер балаларының денсаулығы үшін Әйтеке би ауданынан көшіп келген. Үй кезегіне мүгедек ретінде тек 23 жастағы баласы Мейрамбек қана тұрды. Ол полиартриттің асқыну салдарынан ергежейлі болып қалған. Отбасы мемлекеттен әлеуметтік көмек алып отыр. Бар проблема өз үйлерінің жоқтығында ғана. Баспана мәселесінің жақын күндері шешілмейтіндігін білсе де, үміт үзбейді. Жомарт жандар қол ұшын созып, баспана мәселесін шешуге көмектессе деп мұңын шақты отағасы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2017 23:32

«2014 жылдан бері пәтерде көшіп-қонып жүрміз. Әйтеке би ауданынан балалардың қамы, денсаулығы үшін көшіп келдік. Баспана – бас аурына айналған базынамыз. Медет жүре алмайды, «ДЦП»-мен ауыратын, Мейрамбектің бойы өспей қалды. Үшеуміздің әжетханаға баруымыз, жуынуымыз өте ыңғайсыз. Үй керек», — дейді бірінші топ мүгедегі Манас Құрмағанбетов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2017 23:32

Бір үйлі жанның баспана мәселесі туралы қалалық тұрғын үй қорын есепке алу секторының меңгерушісі Жанаргүл Дүйсекенованың айтуынша, Құрмағанбетовтер отбасысының ортаншысы Мейрамбек Әлімбек тұрғын үй кезегінде 7638 болып тұр. Кезегі жылжып жатқан көрінеді. Алайда, оған әзір баспана берілмейді екен. Кезегі келу керек.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2017 23:32

Ал жауапты маманға бір үйде үш мүгедектің тұрып жатқанын айтқанымызда, ол:
«Әлеуметтік осал тобы бойынша кезекте әртүрлі отбасылар тұр. Кейбір жанұяларда бір емес, бірнеше мүгедек бар. Өкінішке орай, денсаулығына байланысты кезектен тыс үй беру мүмкін емес» — деп қысқа қайырды.

Мүгедек жанның отбасы қазір Благодар ауылдық округіне қарасты Пригородный елдімекенінде тұрады. Жалдамалы пәтері Студент көшесі нөмірі 12 корпус 1-де орналасқан.

Фото: aktobenews.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: