Ақсуда дүкен өртеніп, 30 адам құтқарылды

Zakon.kz Zakon.kz
Құтқарылған 30 адамның оны - бала.
Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласында дүкен өртеніп, салдарынан 30 адам құтқарылды, оның ішінде оны - бала, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлағандай, Астана көшесі, 3 мекенжайындағы дүкен төрт қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан.

- Түнгі 1:56 кезінде орын алған өрт таңғы 4:00 шамасында толық сөндірілді. Дүкенде пластикалық терезе, тоңазытқыш, ағаш сөрелер, азық-түлік өртке оранып, ұялы телефон бутигі толығымен жанып кетті. 50 шаршы метрге дейін жайылған қызыл жалынды сөндіру үшін жеке құрамнан бес адам және үш техника жұмылдырылды. Құтқарылған 30 адамның оны - бала.

Айта кетейік, өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.

Фото: pavlodarnews.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз