Жаңалықтар тізбегі
0

Өзенге батып кете жаздаған бала баратын балабақша заңсыз болып шықты

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2018 18:07 elorda.info
Құтқарылған бала ауруханаға жеткізілген.

Астанада жекеменшік балабақшаның екі жасар тәрбиеленушісі серуен кезінде өзенге батып кете жаздады. Елорданың Білім басқармасының берген мәліметінше, балабақша мемлекеттік тіркелмеген заңсыз мекеме болып шықты, деп хабарлайды Elorda Info тілшісі.

«Біз осы балабақшадағы деректерді тексердік. Анықталғаны, ол балабақша мемлекеттік тіркеуден өтпеген екен. Яғни көлеңкелі кәсіп болған», - дейді Білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова.

Сондай-ақ ол, ата-аналар баласын жекеменшік балабақшаға берер алдын аталған мектепке дейінгі білім беру мекемесінің лицензиясы бар ма жоқ па соны тексеру керек екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 17 сәуір күні Орталық өңірлік аэромобилдік құтқарушы жедел-құтқару командасының құтқарушысы Ерден Қабылтаев Есіл өзенінің қарсы бетіндегі жағалауда суға түсіп кеткен нәрестені көзі шалып, дереу қоңырау-дабыл жариялайды. Нәтижесінде, кезекші құтқарушылар тобынының жетекшісі Жалғас Сәрсембаев жедел машинада жетіп келіп, баланы құтқармақ болып суға қойып кетеді.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің хабарлауынша, бала тұншығып қалады, дегенмен құтқарушы азамат дер кезінде қимыл жасап, баланы суға батып кетуден аман алып қалған.

Артынан белгілі болғандай, бала серуендеу кезінде ойлып кеткен мұздың астына түскен.

Құтқарылған бала ауруханаға жеткізілген. Қазір оның өміріне төнген қауіпті ештеме жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: