Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматыда емізулі сәбилер мен бүлдіршіндер суға жүзуден сайысқа түсті

Биылғы сайысқа 370 сәби қатысқан.

Сурет : 27 Қараша 2017, 16:53
Мамандар осымен төртінші мәрте өтіп отырған шараға қатысушылардың саны жылдағыдан артып отырғанын айтады, - деп хабарлайды КТК.

Биылғы сайысқа 370 сәби қатысқан. Мамандардың бақылауындағы бүлдіршіндер жарыс барысында демді ұстай білу, бассейннің түбінен ойыншықты алып шығу және өз бетімен жүзуден шеберліктерін көрсетті. Тіпті, жеңімпаз балғындарға жас ерекшеліктеріне орай спорт шебері деген атақ берілді. Олардың арасында сал, Даун синдромы және өзге де сырқатпен ауратындары бар. Ал, сайысты ұйымдастырушылар, емізулі сәбилерге суға жүзуді үйрету арқылы салауатты өмір салтын, отбасылық құндылықты насихаттап, олардың шынығуына септігімізді тигіземіз дейді.

“Менің баламның аты Жантөре. Оның Даун синдромы бар. Біздің бассейнге барған себебіміз, баламызды физикалық тұрғыдан жақсы дамытқымыз келді. Қазір даму жақсы. Тіл жағынан да. Бүгін спорт шебері атандық”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Ұлжан Қабделова.

Фото: КТК

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер