Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда көлік салығы мен айыппұлды төлемегендердің көліктері айып тұрақтарына қойылуда

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2017 22:21 Zakon.kz
Қарызы барлардың дені қымбат әрі үлкен көліктерді тізгіндегендер.
Алматыда көлік салығы мен айыппұлы бар 100 мың азамат мемлекетке берешегін бермей, жалтарып жүр. Қазір қыруар қарызын қайтармағандардың көліктері жаппай айып тұрақтарына қойылып жатыр. Сот шешімі шықса да, елемей жүргендердің берешегі - 4,4 млрд теңге, деп хабарлайды QAZAQSTAN Ұлттық телеарнасы.

Сондықтан, Ішкі істер департаменті мен жеке сот орындаушылар палатасы бірігіп, қалада «Борышкер» шарасын бастады. Қазір қаладағы барлық экологиялық постта полицейлер мен жеке сот орындаушыларынан құрылған мобильді топтар күндіз-түні жұмыс істеп жатыр.

Олар бейнекамера арқылы жолдағы көліктің барлығын бақылап, салығы мен үшеуден артық айыппұлы бар жүргізушілердің көлігін бірден тұраққа өткізуде.

Қарызы барлардың дені қымбат әрі үлкен көліктерді тізгіндегендер.

Сергей Карпенко, қала тұрғыны:

- 2016 жылғы айыппұлды айтады. Оны мен қайдан білейін? Қараған да жоқпын.

Жарас Дәубаев, қала тұрғыны:

- Айыппұлдарды төлеу керек дейді. Соны төлеп, кейін шығарып аламыз.

Мамандар азаматтарға айыппұлдар мен салықтарды ұзатпай төлеуді ескертіп-ақ жатыр. Тек оны тыңдар құлақтың табылмай тұрғаны.

Енді уақытында төленбеген қарыз сот орындаушыларына өтеді. Ал, одан кейін борышкерлердің жағдайы қиындайды. «Бұл қорқыту емес, тәртіпке бағыну», дейді полицейлер. Тіпті, көлікті жүргізуге тыйым салып, шетелдерге шығуға шектеу қойылады. Бұдан басқа, мүлік те тәркіленуі мүмкін. Өйткені, кейбір азаматтар жылдар бойы қарызын өтемей, қашып жүреді.

Еділ Әзімшайық, Әуезов аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

- 2010 жылдан бері қарай әлі күнге дейін төлемей жүрген тұлғалар бар. Әуезов ауданына ғана келетін болсақ, сондай 5 мыңға жуық тұлға бар. 2010 жылдан бері төлемей келе жатқан болмаса, 5 жылға дейін төлемей келе жатқан тұлғалардың саны соған жуықтайды.

«Борышкер» профилактикалық іс-шарасы әлі екі күнге жалғасады. Өйткені, жыл басынан бері 20 мыңға жуық азаматтың қарызы сотқа жіберілсе де, оны елеп-ескеріп, салығын төлегендер тым аз.

Амангелді Сейітхан

Фото: voditelauto.ru
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: