Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейдің Омбы қаласында СҚО тауарлары сатылатын дүкен ашылды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2017 17:55 24.kz
Тауарларды аптасына 2 рет тасымалдау жоспарланып отыр.
Бұл – Челябіде өткен екі ел арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында жүзеге асырылған жоба. Дүкен сөресіне отандық 15 тауар өндірушінің ет, сүт, ұн және кондитер өнімдері қойылған, - деп хабарлайды Хабар 24.

«Омбы тұрғындары «Қазақстанда жасалған» азық-түліктерді таласып алады», – дейді саудагерлер.

Сондықтан тауарларды аптасына 2 рет тасымалдау жоспарланып отыр. Бұл шекаралық аймақтардың әріптестігін нығайтып, сауда айналымын арттыруға мүмкіндік береді.

– Біз үшін жаңа дүкен ашылды. Айран, шұжық, тұшпара сатып алдым. Бағалары арзан. Әрі табиғи таза өнімдер, - дейді Омбы қаласының тұрғыны Виктор Хоменков.

– Біз Солтүстік Қазақстан облысының 30 шақты компаниясымен келістік. Әзірге олардың жартысы ғана саудаға шығып отыр. Алдағы уақытта тағы да сауда нүктелерін ашып, қалғандарын да жұмылдырылады. Тауарлар ЕЭО талаптарына толық жауап береді, - дейді «Есіл өңірлік даму орталығы» серіктестігінің директоры Руслан Шәріпов.

Фото: 24.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: