Алматыдан Тель-Авивке рейс ашылды

Алматыдан Тель-Авивке рейстер іске қосылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2023 13:55 Сурет: primeminister.kz
7 қыркүйек күні "Эйр Астана" әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына (бейсенбі және жексенбі) 2 рейс жиілігімен Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша рейстер ашты.

ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын тұрақты негізде ұлғайту бойынша жұмыс істеліп жатқанын атап өтті.

"Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді", - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: