Алматы – Астана бағыты бойынша ұшқан әуе кемесі MAY-DAY апаттық белгісін берді

Авиакомпания Air Astana, Эйр Астана, самолет, самолеты , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2025 09:01 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
17 желтоқсан күні сағат 07:38-де Алматы – Астана бағыты бойынша орындалған тұрақты жолаушылар рейсі кезінде "Эйр Астана" акционерлік қоғамына тиесілі Airbus A321N үлгісіндегі әуе кемесінде авиациялық оқиға тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығының мәліметіне сәйкес, әуе кемесінің салонында түтіннің пайда болуына байланысты экипаж апаттық белгі берген.

Алдын ала ақпарат бойынша, жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.

Әуе кемесі сағат 07:40-та Алматы әуежайына сәтті қонды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әуежайдың өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта көлік саласындағы оқиғалар мен оқыс жағдайларды тергеу жөніндегі департамент мамандары аталған авиациялық оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Ақтау қаласын өткір мұнай иісі жайлағаны туралы хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: