Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейс саны 2,5 есе артты

ұшақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2023 10:16 Сурет: Zakon.kz
Астана – Ташкент бағыты бойынша рұқсат етілген рейстер санын аптасына 12–ден 36 рейске дейін (өсім 80%) және Алматы – Ташкент бағытs бойынша аптасына 20-дан 36 рейске дейін (өсім 200%), ал қалған бағыт бойынша аптасына 4 рейске дейін екі еседен астам көбейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2023 жылғы 2 наурызда Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік органдарының келіссөздерінде белгілі болды.

Жиында Қазақстан Республикасының делегациясын ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Өзбекстан Республикасының делегациясын Көлік министрінің орынбасары Жасүрбек Хориев басқарды. Келіссөздер барысында тараптар рейстер санын одан әрі арттыру және ұшу географиясын кеңейту мәселелерін талқылады.

Осылайша, қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде осы жылдың көктемгі-жазғы кезеңінен бастап "Эйр Астана" және Uzbekistan Airways әуе компаниялары Алматы – Ташкент бағыты бойынша жиіліктер санын аптасына 14–тен 20 рейске дейін және Астана-Ташкент бағыты бойынша аптасына 6-дан 12 рейске дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Сонымен бірге бәсекелестікті және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, авиабилеттердің құнын төмендету мақсатында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы барлық шарттық бағыт бойынша әуе тасымалдаушыларды бірнеше рет тағайындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар қазақстандық әуе тасымалдаушылар Самарқан, Ферғана, Бұхара және Қарши қалаларына тікелей тұрақты рейстер ашуды жоспарлап отыр. Тараптар ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар өңірлік авиациялық қауіпсіздік пен ұшу қауіпсіздігін арттыру үшін ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды жалғастыруға келісті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: