"27 қараша күні Алматы облысы, Есік қаласының ауруханасында аттасымның аяғы кесілді. Мәйітхана қызметкерлері: "Аяқты алып кетіңіздер, құжатын береміз, өздеріңіз көмерсіздер", - деді. Қалай істейміз? Бірінші рет бұндай жағдайды өткеріп отырмыз. Олар бәрін мәйітханаға өткізетін еді ғой. Аурухана мен мәйітхана арасында қандай да бір келісім болуы керек қой. Аяқ қала берсін деп едік, олар 10 мың теңге сұрады", - дейді Виталий Глущенко деп аталатын тағы бір науқас.
"Әрине, бәрі тегін жасалады. Көп жағдайда адамдар діни көзқарасына сәйкес немесе басқа да өзіндік себептерімен қолхат жазып, кесілген мүшесін алып кетіп жатады", - деді Есік қаласы ауруханасының хирургиялық бөлімінің өкілі.
Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?