Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда полиция 60 жастағы алаяқтан зардап шеккендерді іздестіріп жатыр

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2021 01:36 polisia.kz
Бір жағдайда ол танысына 100 мың доллар берсе, қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға көмектесе алатынын айтқан.

Алматы полициясы егде жастағы аферистен зардап шегуі мүмкін адамдарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алаяқтық дерегі бойынша қалалық полиция департаментінің тергеу бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті - 60 жастағы Б. деген азамат.

Бір жағдайда ол танысына 100 мың доллар берсе, қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға көмектесе алатынын айтқан.

Тағы бірінде Нұр-Сұлтан қаласында жүргенде "азаматтық істер бойынша заңгерлік көмек көрсетемін" деген желеумен бөтеннің 275 мың доллар мен 5 миллион теңгені иемденген.

Үшінші эпизодта БҚО-дағы кен орнына ақша салып беремін деген желеумен 1 миллион долларды иеленген.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты азамат Б.-ға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Оған іздеу жарияланған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Тергеу аясында аталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Осыған орай, аталған тұлғаның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефондар арқылы хабарласуға шақырады: +7-775-437-35-46; + 7-701-624-28-24.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: