Алматыда алаяқтыққа қатысты күдікті ұсталды. Зардап шеккендер іздестіріліп жатыр
Сурет: Zakon.kz
Тергеу мәліметтері бойынша, ер адам ақшасын төлесе, Қытаймен арадағы шекарадан тауарларды кедергісіз өткізіп бере алатынын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz
Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахмановтың айтуынша, күдікті – 38 жастағы Жамбыл облысының тумасы.
Тергеушілер екі қылмыстық эпизодты анықтады.
Айыпталушы ҚХР-мен арадағы кедендік шекарадан тауарларды кедергісіз өткізу қызметін ұсынып, 10 мың доллар көлемінде бөтеннің ақшасын иеленді. Осыдан кейін қаскөй тағы осындай "қызметтерді" бірнеше рет көрсетіп, алынған ақшалай қаражатты өз қалауына жұмсаған. Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов
Полиция зардап шеккендер көп болуы мүмкін деп болжайды. Сондықтан осы сипатта зардап шеккендер болса, полицияға хабарласулары сұралады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript