Шымкентте тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды

Қашқын, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2022 23:57 Сурет: Zakon.kz/Михаил Золотухин
Шымкенттегі тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz-ның хабарлауынша, қашқын бір күннен кейін қалада ұсталды. Ол мұнай-газ құбырына ұрлыққа түсті деген күдікпен ұсталған еді, енді оған түзеу мекемесінен қашты деген тағы бір айып қосылды.

«12 мамырда жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қашып кеткен азаматты Қылмыстық атқару жүйесі департаменті және облыстық ІІД жедел уәкілдері ұстады», – деп хабарлады Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері.

Аталған факті бойынша Шымкент қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: