Шымкенттегі тергеу изоляторынан ұрлық бойынша ұсталған күдікті қашып кетті

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2022 22:43 Сурет: Zakon.kz
Қылмыс жасады деген күдікті Шымкенттегі тергеу изоляторынан қашып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz мәліметінше, 11 мамырда мұнай-газ құбырынан ұрлық жасады деген айыпталушы тергеу изоляторынан қашып кеткен.

«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатқан адамды іздестіру және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Аталған факті бойынша Шымкент қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес, тергеу мәліметтері мен өзге де мәліметтер жария етілмейді», – деді Шымкент қаласы мен Түркістан облысының Қылмыстық Атқару жүйесі департаменті өкілдері.

Күдіктінің қалай және қайда қашқаны, әзірге белгісіз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: