«Мұндай бастаманы көтеріп отырған қазақстандықтарға мың мәрте алғыс айтамын. Уақыт өте келе сазгерді еске алу кештерін өткіземіз. Заңға сәйкес, қайтыс болған адамның атына бес жылға дейін көше бере алмаймыз және оған арнап ескерткіш орнатуға болмайды. (...) Бізде заң бар және біз сол заңға сәйкес әрекет етуіміз керек. Алдағы уақытта Батырханға арнап ескерткіш қойып, көшелердің бірі мен концерттік ұйымға сол кісінің атын беретінімізге сенімдімін», — дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
«Батырхан Шүкенов жазып үлгерген альбомдар мен халыққа таралып үлгермеген әндерін қайта шығаруымыз керек. Батырханның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсы достары көп. Олар мұны меценаттардың көмегімен жүзеге асыруды ұсынды», — дейді Мәдениет және спорт министрі.
Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?