Жаңалықтар тізбегі
0

Арал ауданы, Мергенсай ауылдық округінде пайдалануға берілген жаңа медициналық бекет айқын дәлел деуге болады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2017 01:55 Zakon.kz
Заман талабына сай жабдықталған мекеменің ашылғанына жергілікті жұртшылық дән риза.
Тәуелсіз еліміздің баянды болашағы да, кемел келешігі де елімізде өмір сүріп жатқан халықтардың денсаулығына тікелей байланысты. Осы ретте, мемлекетіміздің ұстанып отырған сындарлы саясатының арқасында елімізде әрбір азаматтың өз денсаулығын нығайтуға, қорғауға барынша жағдай жасалып отыр.

Оған, бүгінгі Арал ауданы, Мергенсай ауылдық округінде пайдалануға берілген жаңа медициналық бекет айқын дәлел деуге болады. Заман талабына сай жабдықталған мекеменің ашылғанына жергілікті жұртшылық дән риза.

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні қарсаңында ашылған әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі М.Оразбаев пен Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н.Байқадамов жиналған жұртшылықты қуанышпен құттықтап, медициналық бекеттің лентасын қиды.

Тұрғындарға лебізін білдірген аудан басшысы өз сөзінде қазіргі таңда аудан бойынша тағы дәл осындай екі нысан ел игілігіне берілетіндігін айтып, және аудан орталығында бөй көтерген 150 орындық аурухана да келер жылы ашылатындығын жеткізді. Сонымен қатар, облыстық мәслихатың хатшысы Н.Байқадамов та көпшілікке ақжарма тілегін білдіріп, айдынды Арал ауданы жыл санап қарқынды дамып келе жатқандығын тілге тиек етті. Айта кету керек, шараға қатысқан ауыл ардагері Қожабай Зұлқарнаев та ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды, соның ішінде Мергенсай ауылдық округі бойынша жасалып жатқан игі бастамаларға халық риза екендін және ауылдың даму жағдайы күннен күнге жақсарып келе жатқандығын жеткізді.

Сонымен қатар, Арал ауданының халқы бүгін жеке кәсіпкер Жақсат Исаевтың «Жақсат и К» автобекет нысанының ашылу рәсіміне куә болды. Бүгіннен бастап заман талабына сай автобекеттің игілігін көруге асыққан тұрғындардың бұл қуанышына аудан әкімі М.Оразбаев пен облыстық мәслихаттың хатшысы Н.Байқадамовтар ортақтасып, кәсіпкер азаматты, жұртты арнайы құттықтады.

Жалпы жоба құны 70 млн. теңгені құрайтын автобекетте көрсетілетін қызмет түрлері заманауи талаптарға сай. Атап айтсақ, бұл арада жолаушылар тасымалымен қамтамасыз ету, жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету, азық-түлік және тұрмысқа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету, және 5 бағытқа (Арал-Қызылорда, Арал-Шымкент, Арал-Түркістан, Арал-Байқоңыр, Арал-Қазалы) қатынауға толықтай мүмкіндік қарастырылған.

Сонымен қатар, бұл арада шағын асхана, билет кассасы, күту залы және де жүргізушілерге арналған демалу орны да бар. Сондай-ақ, ана мен балаға арналған бөлменің сән-салтанатына ерекше назар аударылған.

Айта кету керек, автобекет тұрағына бір мезгілде 5 автобус, 20 жеңіл автокөлік орналаса алады. Сондай-ақ, күнделікті 10-нан аса автобустар 600-ге жуық жолаушыны тасымалдауға мүмкіншілігі бар. Бүгінгі таңда автобекетте 10 қызметкер жұмыспен қамтылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: