Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарға Беларусьтан жаңа трамвайлар әкелінді

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2017 16:35 Хабар 24
Вагондар заман талабына сай.

Ертіс өңіріндегі трамвай шаруашылығын жаңғырту жобасы аясында жаңа қоғамдық көліктер жеткізіле бастады, - деп хабарлайды Хабар 24.

Оларды павлодарлық кәсіпорынның тапсырысымен Беларусь компаниясы жасаған. Вагондар заман талабына сай. Жаңа жолаушылар көлігі аймақтың қытымыр аязына төзімді. Әр вагон бейнекамералармен жарақталған. Айта кетейік, қазіргі уақытта Минскідегі зауытта тағы 20 трамвай құрастырылып жатыр. Бағдарлама үш жылға жоспарланған. Оны жүзеге асыруға 4 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылып отыр. Осы уақыт аралығында тозған рельсті көліктердің 80 пайызы кезең-кезеңімен жаңартылуы қажет. Бүгінде күнбе күн жолға шығатын 106 вагон халықты 11 бағыт бойынша тасымалдайды. Трамвай жолдарының жалпы ұзындығы 90 шақырымға жуық.

– Бұл 23 трамвайдың бірінші үш трамвайы болады. Ары қарай олар келген соң онымен тоқтауға болмайды. Бұл трамвай электр энергиясын 40% үнемдеп жүреді. Оның жүйесі жаңа, заман талабына сайы орнатылған жүйе құрылып отыр, - дейді Павлодар трамвай басқармасының басшысы Айтуар Жанғазин.

– Трамвайдың жүйелері ескі вагондарға қарағанда экономикалық және экологиялық жағынан өте тиімді. Басқару және ақпараттық жүйесі де заман талабына сай. Жүргізушінің жұмысы жеңіл, орындығы ыңғайлы. Заманауи құралдардың арқасында вагонды кез келген уақытта тоқтатуға болады, - деді зауыт қызметкері (Минск) Валерий Иванашко.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: