Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан бокс федерациясы 2017 жылдың үздіктерін марапаттады

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2017 16:38 elorda.info
"2017 жылғы үздік боксшы" номинациясы бойынша Қайрат Ералиев жеңімпаз атанды
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы кубогының турнирі аясында Қазақстан бокс федерациясы 2017 жылғы бокстан үздіктерді марапаттады, деп хабарлайды Елорда инфо.

«2017 жылғы үздік боксшы» номинациясы бойынша Гамбургтегі әлем чемпионатында алтын жеңіп алған Қайрат Ералиев жеңімпаз атанды. Ең үздік әйел боксшы Азия чемпионы Мадина Нұршаева болды. Жасөспірімдер арасындағы үздік боксшы болып жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алған Арайлым Бегділда атанды.

«Бокстан ерлер арасындағы үздік жаттықтырушы» номинациясымен Қайрат Ералиевтің жеке жаттықтырушысы ерлер арасындағы ұлттық құраманың жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов марапаталса, «Әйелдер арасындағы бокста үздік жаттықтырушы» атағын Мадина Нұршаеваның жаттықтырушысы Шамиль Сафиуллин иемденді.

2017 жылдың ең жақсы жаттықтырушының атағы жасөспірімдер құрамасының Азия чемпионатында алты алтын медаль алған Қайрат Сәтжановқа бұйырды. Қыздар командасының аға жаттықтырушысы Алмас Қуатбеков «Қыздар құрамасының үздік жаттықтырушысы» аталымында жеңімпаз атанды.

Үздік төреші — ҚБФ төрешілік комиссиясының төрағасы Ермек Сүйеніш, үздік аймақтық федерация — Асқар Құлыбаев атындағы турнирдің ұйымдастырушысы Атырау облысының федерациясы, ал бокстан Қазақстан федерациясының ең жақсы ақпараттық әріптесі болып спортшыларымыздың әлем чемпионатында сөйлеген сөздерін бұқараға жеткізген sports.kz порталы атанды.

Сондай-ақ, қазақ боксын дамытуға және жас боксшыларды тәрбиелеу ісінде үлкен үлес қосқан адагерлер Виктор Гребенюк, Александр Аникин, Болат Нұрсейітов пен Рахымжан Сыдықовтар да құрмет көрсетілді

Фото: elorda.info
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: