Қазақстан бокс федерациясы жұрттың жағасын ұстатқан мәлімдемеге жауап берді
Қазақстан бокс федерациясы (ҚФБ) спортшы Аида Сатыбалдинованың жұрттың жағасын ұстатқан мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында "әйелдер арасындағы бокстан ұлттық құрама қыздарының жыныстық бағыт-бағдары "өзегеше" екенін айтып, видео жариялаған. Сатыбалдинова кімнің қандай екендігінде шаруасы жоқ екенін, бірақ "бұл идеологияны жас ұрпаққа таңуға" түбегейлі қарсы екенін атап өтті.
Аида Сатыбалдинованың мәлімдемесіне келетін болсақ, біріншіден, федерацияда басшылық ауысқаннан кейін соңғы жылдары ешкім мұндай мәселе бойынша арызданған емес. Жаттықтырушылар да, спортшылар да. Екіншіден, бұл өзі өте қиын жыл болып отыр, біз ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатын асыға күтіп отырмыз. Бізде өзіміздің Қазақстан біріншіліктері де болады. Рас, қазір сырттан келген адамның пікіріне жауап беруге уақыт жоқ. Онда да Қазақстан құрамасында не болып жатқанын білмейтін адамның, - деді ҚБФ баспасөз хатшысы Аян Төлеген.
Оның айтуынша, мұндай мәселеге қатысты спортшылар мен жаттықтырушылар тарапынан шағым болған жоқ.
Біз не айта аламыз? Бізде оған жауап беруге уақыт жоқ. Біз жұмыс істеп жатырмыз. Егер Сатыбалдинова көтерген мәселені қаузап, өршітетін болсақ, онда әр жаттықтырушысы өз спортшысын қандай да бір жолмен Олимпиада немесе Әлем біріншілігінің медаліне қол жеткізу үшін жанталасап жатқан барлық спорт бойынша әйелдер командасына назар аударалалық. Онда барлығы шетінен сондай деп айыптайық ... Біз мұны жер-көкке жариялап, айқайлап айта алмаймыз ғой олай? Қараптан-қарап, еш дәлелсіз кінәлап. Бірақ бүкіл әлемде әйелдер спортындағылар сондай делік. Бұл миға сыймайтын нәрсе емес пе, - дейді Аян Төлеген.
ҚБФ баспасөз хатшысы атап өткендей, "біздің әйелдер құрамасы мамыр айында Азия біріншілігінде сегіз алтын медаль ұтып алғаннан кейін осындай ши шығарудың кезек-кезегімен басталуы ұят жағдай".
Қыздардың еңбегін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі атап өтті, енді олардың атын осылай былғап жатыр. Әрине, жақсы емес. Біздің қыздар осының бәрін оқып-біліп, ренжіп отыр, - дейді Аян Төлеген.
Сондай-ақ ол алып-қашпа сөздерден гөрі спорттағы болған, болатын әрі бола беретін жетістіктерге көбірек назар аударуға шақырады. Ал, оның пікірінше, қауесеттерге жауап беруге уақыт жоқ.