Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымына кіруге өтініш берді

Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымына кіруге өтініш берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2024 17:44 Сурет: olympic.kz
Қазақстан бокс федерациясы ұзақ талқылаулар мен сараптаманың нәтижесінде маңызды шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан World Boxing ұйымының қатарына қосылу үшін ресми өтініш берді.

Бұл шешім бірінші кезекте отандық боксшылардың Олимпиадалық болашағымен тікелей байланысты.


"Қазір бокстың Олимпиада бағдарламасында қалу мәселесі ХОК деңгейінде талқыланып жатыр. Боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтап қалу мақсатында барлық елдермен ортақ жұмыс жасауға дайынбыз. Бұл шешім боксты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді деп санаймыз. World Boxing Олимпиадалық Комиссиясының төрағасы, Ұлттық Олимпиадалық Комитет президенті Геннадий Головкинмен кездесу барысында Отандық бокстың даму жолдарын талқыладық" - федерация басшысы Шахмұрат Мүтәліп.

World Boxing – Халықаралық бокс федерациясы. Бұл ұйым 2023 жылдың сәуір айында құрылған. Қазіргі уақытта оның құрамына 44 елдің ұлттық федерациясы енген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: