Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

5 млн қарызды жабу үшін Қазпошта қызметкері ұрлық туралы өтірік оқиға ойлап тапқан

Ревизия барысында кассаға 5 миллион теңгенің жетіспей тұрғаны анықталған.

Сурет : фото: etoday.kz4 Желтоқсан 2017, 15:00
Алматы облысының полицейлері 27 жастағы Қазпошта кассасының қызметкерінің өтірігін әшкереледі, - деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 тамыз күні Еңбекшіқазақ ІІБ-ның кезекші бөліміне Қазпошта кассасының қызметкері қоңырау шалып, жұмыс орнында ұрлық болғанын хабарлаған. Ұры кассадан 782 000 теңге алып кеткен.

Аталған фактіге сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, ұрлықтың куәгері болуы мүмкін деген адамдардан жауап алынады, сонымен қатар кассаға ревизия жүргізіледі. Жауап алу кезінде полиция қызметкерлері касса қызметкерінің өтірік айтқанын байқап қалған.

«Ревизия барысында кассаға 5 миллион теңгенің жетіспей тұрғаны анықталған. Тергеу барысында әйел өзінің осы қарызды жабу үшін ұрлық туралы өтірікті ойлап тапқанын айтты», - деп хабарлайды Алматы облысы ІІБ баспасөз қызметі.

Арызданушының берген жауабына сәйкес, аталған қылмыстық іс тоқтатылды.



Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер