Түркістандық келіншек несиесін жабу үшін кәсіпкерлердің 5 млн теңгесін қағып кеткен

Түркістан облысы, алаяқ әйел, мемлекеттік субсидия, кәсіпкер, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 11:46 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысының полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен әйел адамды ұстады. Тергеушілердің айтуынша, ол жергілікті кәсіпкерлерге субсидия алуға көмектесемін деп 5 миллион теңге алып, хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облыстық полиция департаментінің 16 қазанда мәлімдеуінше, Жетісай аудандық полиция бөліміне үш кәсіпкер хабарласқан. Олар танысы бизнесті дамытуға мемлекеттен тегін субсидия алуға көмектесуге уәде беріп, ақшаны алып тайып тұрғанын айтып шағымданған.

"Ол әрбір жәбірленушіден қомақты ақша алған, бірақ уәдесін орындамай, хабар-ошарсыз кеткен", – дейді полиция қызметкерлері.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асқан. Полиция ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.  Күдікті табылып, қамауға алынды. Белгілі болғандай, әйелдің субсидия алу ойында да болмаған, ал кәсіпкерлерден алған ақшасын несиесін өтеуге жұмсаған. Күдікті қамауға алынып, іс сотқа жіберілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: