Арзанға тауар әперемін деген әйел атыраулықтарды сан соқтырып кетті

Атырау, алаяқ, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2022 17:48 Сурет: Zakon.kz
Атырау полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен 45 жастағы әйелді ұстады. Ол алаяқтық жолмен 5 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz сайтының жазуынша, 23 қараша мен 3 желтоқсанда ол 34 жастағы жергілікті тұрғынға жалпы сомасы 2,2 миллион теңгеге алты қымбат телефон, ал 31 жастағы ер адамға 1,6 млн теңгеге тұрмыстық техника, 27 жастағы жігітке 498 мың теңгеге Iphone 13 Pro, ал 18 жастағы Атырау тұрғынына 1,2 миллион теңгеге үш Iphone 13 Pro сатып алуға көмектесуге уәде берген.

"Ақшаны алған алаяқ телефонын алмай қойған. Жәбірленушілер полицияға хабарласты. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 45 жастағы күдікті ұсталды", – делінген хабарламада.

Ұсталған азаматтың үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабының 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқаны мәлім болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: